BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Есікте қаза тапқан полицейдің туыстары: Ол оқ тиіп өлген жоқ

Есік қаласында оқ тиіп қайтыс болды делінген полиция майорының туысқандары марқұмның шын мәнінде қанға жұққан зиянды нәрседен қайтыс болғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Марқұмның анасы Ғалия Байдельдинованың айтуынша, ұлының жағдайы ауруханаға түскен сәттен бастап санағанда үшінші күні нашарлай бастаған.

«Операция жасауды бастап, денесінде шірік барын көрген. Тек бетін жуып, тереңінен шіріп жатқанын байқамаған. Ол жақсылап тамақ ішіп, бізбен сөйлескен болатын», - дейді әйел.

Полиция майорының жары Гүлмира Рысбекованың айтуынша, мәйітті сойғаннан кейін оның оқ салдарынан емес, зиянды нәрсенің қанға жайылуынан қайтыс болғаны анықталған. Яғни дәрігерлер полицейдің арқасындағы пышақ жарақатының шіріп жатқанын көрмеген.

«Бұл - дәрігерлердің науқастарға бей-жай қарауының салдары. Біздің медицина адамдарды ауру қылмай, керісінше емдеуі тиіс. Ол ауыр қылмыстарды тергеумен айналысты. Қылмыскерлерді ұстаймын деп жүріп осылардың қолынан қаза тауып отыр», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетсек, Есік қаласында атыс болып, салдарынан екі адамның қайтыс болғаны туралы хабарлаған едік.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер