BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Еріктілер Алматы облысында жоғалып кеткен 13 жастағы баланы іздестіруде

Бала туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысында 13 жастағы жасөспірім із-түссіз жоғалып кетті.

Иса Бекбаевтың жоғалып кеткендігі туралы ақпаратты интернет қолданушылар әлеуметтік желілерге жариялады. 2004 жылы туған бала Үштөбе қаласында 29 маусымда жоғалып кеткен.

«Алдын ала болжам бойынша, бала Қаратал сутартқыш аумағында суға ағып кеткен. Белгілері: көзі мен шашы қара, дене бітімі орташа. Адасып кеткен болуы мүмкін», - делінген хабарламада.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер