Ер адам ұйықтап жатқан ауылдасын пышақтады - Оқиға|10 Ақпан 2018, 13:46
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Ер адам ұйықтап жатқан ауылдасын пышақтады

Шу аудандық соты ҚР ҚК 1-бөлім 106-бап бойынша қылмыстық істі қарап жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі аталған аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түнгі сағат 02:00 шамасында ер адам ауылдасымен бірге ішімдік ішіп отырады. Кейін ауылдасы ұйықтап қалады. Ер адам оны оята алмаған соң, үстел үстінде тұрған пышақпен жарақаттайды.

Сот отырысы кезінде ер адам өзінің кінәсін толықтай мойындап, істегені үшін өкінетінін айтты. Ал ауылдасы соттан күдіктіге бас бостандығынан айырудан өзге жаза тағайындауды сұрады.

«Сот үкіміне сәйкес, ер адам кінәлі деп танылды. Оған үш жыл алты ай көлемінде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер