Еліміздің солтүстігінде боранда жоғалған жас мұғалім әлі табылмады - Оқиға|12 Қаңтар 2018, 14:04
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Еліміздің солтүстігінде боранда жоғалған жас мұғалім әлі табылмады

Аудандық ішкі істер бөлімінің жеке құрамы шұғыл режимде жұмыс істеп жатыр. Олармен бірге ІІД, ТЖД, әкімдік қызметкерлері екі күн қатарынан СҚО Уәлиханов ауданы Береке ауылының 20 жастағы тұрғынын іздеуде, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас жігіт 11 қаңтарда сағат 12.30-да мектептен шығып кеткен. Ол үйіне бара жатқанда адасып, ауылдасының үйіне тоқтайды. Бірақ мұғалім жігіт қарлы боранға қарамастан, үйіне жетіп алғысы келеді. Бірақ екі күн өтсе де, әлі табылмады.

Аудандық ІІБ бастығы, полиция подполковнигі Марат Әлжановтың айтуынша, волонтерлар да іздеуге көмектесіп жатыр. Тіпті, көрші Ақмола облысының ІІД қызметкерлері де жақын маңдағы ауылдардан көмектесіп жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер