BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Елімізден 300-ге жуық шетелдік аластатылды

Фото: ҚР ІІМ

Еліміз бойынша жүргізілген «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында сот шешімі бойынша 300-ге жуық шетелдік елдеріне қайтарылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінен хабарланғандай, учаскелік полиция инспекторларының халықпен жұмысын жақсарту мақсатында 5 қыркүйектен бастап еліміздің аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

«Учаске» операциясы барысында 1 миллионнан астам тұрғын үй мен саяжай тексерілді. Аталған шара барысында 89 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 8 мыңнан астамы тіркеусіз тұру фактісі, 9,7 мыңнан астамы шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзу. Бүгінде көші қон заңнамасын бұзған үш жүзге жуық шетелдік сот шешімі бойынша елден шығарылды», - делінгент ведомствоның хабарламасында.

Жалпы, іс-шара шеңберінде учаскелік полиция инспекторлары пәтерлер мен аулаларды аралап, көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтап, азаматтық қаруды сақтау жағдайлары мен ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдарды тексерді.

Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторы қызмет көрсететін аумақта орналасқан өндіріс объектілерін, ұйымдар мен мекемелерді тексерді. Көлікжай мен саяжайларды, бос қалған ғимараттар мен құрылыс аумақтарын, жылу трассалары мен құдықтар және т.б. тексеру жүргізілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер