BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Екібастұзда 6 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті

Фото: 1obl.ru

Павлодар облысы Екібастұз қаласында 6 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Қазіргі уақытта баланың өмірі үшін дерігерлер күресіп жатыр. Куәгерлердің хабарлауынша, балақай басымен төмен қарай құлаған.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның хабарлауынша, 6 жасар балаға бас-миының ашық жарақаты деген диагноз қойылды.

«Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты ауыр. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы.

Жалпы, облыста балаларды терезеден құлау жағдайлары жиілеп кетті. Павлодарда соңғы үш жылда 26 бала терезеден құлап, тоғызы көз жұмған. Ал былтырғы жылы алты оқыс оқиға тіркеліп, соңы балалардың өлімімен аяқталды.

Айта кетейік, қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында жергілікті білім беру бөлімінің мұрындық болуымен «Қауіпсіз терезе» акциясы бастау алды. Павлодар қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, облыс орталығында 67 мемлекеттік балабақша бар. Бұл ұйымдарда 17 мыңға жуық балғын тәрбие алуда. Олардың 10 мыңы екінші қабаттан жоғары орнатылған пәтерлерде тұрады. Тек 4105 бала терезелердегі қауіпсіздік құралдарымен қамтылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер