BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Екібастұзда 15 жастағы екі оқушы терезеден құлап кетті

Фото: sputniknews.kz

Екі қыздың біреуі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Екібастұзда Бауыржан Момышұлы көшесіндегі бес қабатты үйде болды. Көз жұмған оқушы қыз №23 мектепте оқыса, ал оның құрбысы №9 мектепте тоғызыншы сыныпта оқыған.

«2003 жылғы оқушы қыздар 5-қабаттағы подъезд терезесінен құлап кетті», - делінген Павлодар облыстық ТЖД баспасөз хабарламасында.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі екі қыздың біреуі жедел жәрдем көлігінде көз жұмғанын айтты.

«Тірі қалған қыз тұрақты ауыр жағдайда. Ол жансақтау бөлімінде жатыр», - дейді ведомства баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Екібастұз әкімдігінің баспасөз қызметі болған оқиға туралы пікір білдірді.

«Бұл жағай сабақтан тыс уақытында болған. Мектеп барлық оқушыны үнемі бақылап отыра алмайды. Бұл жағдайда ең алдымен жақын туыстары жауапты. Жақын уақытта мектепте ата-аналар жиналысы болады. Ал жоғары сыныптағы оқушылармен психологтар жұмыс істейтін болады», - дейді Екібастұз әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қалалық білім бөлімінің ақпараты бойынша, екі оқушы да толыққанды емесотбасында тәрбиеленген. Көз жұмған оқушы қыз қиын бала болғандықтан кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша бөлімінде тіркеуде тұрған, бірақ тамыз айында тіркеуден алынған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер