BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Денис Тенді кімдер пышақтағаны белгілі болды

Фото: Нұржас Жақсыбай

Спортшы Денис Тенге автокөлік ұрылары шабуыл жасаған. Бұл туралы Алматы қалалық ІІБ мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Оқиға бүгін 19.07.2018 сағат 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болды. Денис өзінің автокөлігінің терезесінен екі белгісіз адамның ұрлық жасамақ болған жерінен үстінен түскен. Жанжалдан соң азамат Д.Ю.Тенді пышақпен жарақаттаған. Осы факт бойынша тергеу басталды. Күдіктілерді анықтау мен ұстау шаралары қабылданды. Бұған Алматы қаласының ІІБ жеке құрамы тартылды», - деп хабарлады Алматы қалалық ІІБ баспасөз қызметі.

Дәрігерлер қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жанын аман алып қалу үшін күресіп жатыр. Бүгін 19 шілдеде 14.56-да жедел жәрдем қызметі станциясына пышақпен жарақаттанған адам туралы шақыру келіп түскен. Денис Тенді жедел жәрдем бригадасы қалалық Орталық клиникалық ауруханасына жеткізген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер