BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Дауылдан қаза тапқан жұмысшылар туралы видеоның ЕХРО-ға қатысы жоқ – ІІД

Әлеуметтік желіде қатты дауылдан биік ғимартта жұмыс істеп жатқан жұмысшылардың жіпке ілініп қалып, ғимаратқа ары-бері соғылып жатқан жантүршіктірерлік видео тараған болатын. Видео «оқиға бүгін Астанада болған қатты дауыл салдарынан «ЭКСПО-2017» көрмесінің құрылыс алаңында орын алды» деген мәліметпен сүйемелденген. Алайда бұл ақпаратты Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекова жоққа шығарды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бұл видеоны біз қарадық. Оқиға 2008 немесе 2009 жылы Алматы қаласында болған. Астанада дабылды ескерту жарияланды ғой. Соған қатысты бұл видео Whatsapp желісі арқылы тарап жатыр. Оған сенуге болмайды. Бұл бұрын болған оқиға», - деді Астана қаласы ІІД ресми өкілі.

Бұл ақпараттан «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының Баспасөз қызметінің жетекшісі мүлде бейхабар болып шықты.

Хабарласқанымызда: «Мен видеоны көрген жоқпын. Ондай оқиға бізде болған жоқ», - деп жауабын қысқа қайырды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада ауа райының күрт өзгеруіне байланысты дабылды ескерту жарияланды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер