BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Дәрігерлер денесінде 10 ине жүрген сәбиге ота жасады

Дәрігерлер әзірге сәбидің денесінен 6 инені алып шықты, қалған төртеуі терінің терең қабатында жатыр. Әзірге иненің сәби ағзасына қалай түскені белгісіз, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Рентгендік бақылау кезінде дәрігерлер сәбидің бас, мұрын, аяқ, мойын, кеуде тұсынан және ағзасының басқа бөліктерінен ине тапты. Бірінші ота кезінде дәрігерлер тек 6 инені алып шықты, қалған төртеуі сәбидің денесінде.

Дәл қазір Ферғана облыстық Ташлак аудандық прокуратурасы сәбидің денесіне иненің қалай кіргенін анықтап жатыр. Ал мамандардың айтуынша, сәби инені өзі жұтқан жағдайда оның ішкі ағзасы тілімденіп, инелер ішегінде тұрып қалуы тиіс болатын.

Дәл осыған ұқсас жағдай 2018 жылдың қаңтар айында Өзбекстанда болған еді. Ол кезде дәрігерлер тоғыз сағатқа созылған ота барысында 11 айлық сәбидің денесінен 13 ине алып шықты. Мамандар инелерді сәби денесіне басқа адамдар кіргізген болуы мүмкін деген болжам жасады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер