BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 342.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 400.85 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.51
Астана:

Бұзақылар Шымкент тұрғынын ұрып, қомақты қаржысын қолды қылды

Фото: life.ru

Шымкенттегі полиция қызметкерлері ер адамды қорқытып, ақшасын тартып алған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі облыстық ІІД-ге сілтеме жасап.

2017 жылы 27 желтоқсанда Шымкент қаласының ІІБ Қаратау полиция бөліміне жас жігіт шағымданады. Оның айтуынша, белгісіз төрт адам оны қорқытып, 15 мың долларын қолды қылған.

Жедел-іздестіру шараларынан кейін Шымкенттің 30-40 жас аралығындағы төрт тұрғыны ұсталды.

Тергеу амалдары барысында анықталғандай, төртеуі оңай жолмен ақша табу мақсатында зардап шегушіні қала сыртына апарып ұрып, бір күн ішінде 15 мың доллар тауып әкелуі керек екенін айтқан. Айыпталушылар кінәлерін мойындады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер