BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Боранда жоғалған жас мұғалім табылды

Солтүстік Қазақстан облысында боранды күні жоғалған мұғалім өзінің туған ауылының маңынан өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мекеме баспасөзінің хабарлауынша, мұғалімнің денесі бүгін түстен кейін Уәлиханов ауданының Береке ауылынан он шақты шақырым жерден табылды.

«Қайтыс болған адамның денесінде зорлықпен өлтірілген дейтіндей белгілер жоқ. Оның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - деп мәлімдеді СҚО ішкі істер департаментіндегілер.

Еске сала кетсек, СҚО-да аудандық ішкі істер бөлімі, ІІД, ТЖД, әкімдік қызметкерлері Уәлиханов ауданы Береке ауылының 20 жастағы тұрғынын екі күн бойы іздеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер