BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

БҚО-да жылқылар тірідей өртеніп кетті

25 мамыр күні Батыс Қазақстан облысының Жанғалы ауданындағы тасжолдың бойында жылқылар тиелген жүк көлігі өртенген, деп хабарлайды Baq.kz kazinfo.today-ға сілтеме жасап.

Дереккөзінің мәліметінше, жылқылар тиелген көлік бәйге жарысынан қайтып бара жатқанда өртенген сияқты.

Видеодан байқалғандай, оқиға болған жерде жүк көлігі көрінбейді. Ал жылқылардың өлексесі сол күйі жол бойында шышылып қалған. Әзірше жүк көлікте қанша мал болғаны белгісіз.

«25 мамырда керемет ат жарысы болып еді. Қайтып бара жатқанда аяқ астынан машиналары өртеніп, мына аттар өртеніп кеткен ғой. 4 ат. Екеуі жаңадан шауып, бәйге алып еді. Қиын екен. Байғұстар. Кәдімгідей пісіп қалған ғой...» , - дейді видеоға түсірген куәгерлер.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер