USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

БҚО-да оқушысын ұрған мұғалім 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Батыс Қазақстан облысында 10-сынып оқушысын ұрып-соққан ұстаздарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Еске сала кетсек, 4 қазан күні Қазталов ауданы Қараоба ауылында доп ойнап жүрген жасөспірімге алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі мен тарих пәнінің оқытушысы әлімжеттік жасаған.

Кіндіктен төмен соққы алған бозбала бір аптадан соң Орал қаласына жеткізілген еді. Оған облыстық балалар ауруханасында операция жасалды.

Құқық қорғау органдары қазір болған оқиғаның жай-жапсарын анықтауда. Айтуларынша, шәкіртіне күш көрсеткен әскери даярлық пәнінің мұғалімі 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Асылай Ғұбашева, БҚО ІІД баспасөз қызметкері

- Аталған фактіге қатысты кәмелетке толмаған оқушы денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабы бірінші бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бастауыш әскери даярлық пәнінің мұғалімінен облыс аумағынан ешқайда шықпау туралы қолхат алынып, тергеу жұмыстары жалғасуда.

Айгүл Мыңбаева, БҚО Білім беру басқармасының басшысы

- Жағдайды естіген бойда облыстық Білім басқармасының бұйрығымен комиссия құрылды. Күні бүгін тарих пәнінің мұғалімі мен алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі өз еріктерімен жұмыстарынан босатылды.

khabar.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады