BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

БҚО трассасында жүк көлігі өртенді

Батыс Қазақстан облысында трассада жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға туралы куәгер айтып берді. Олар әлеуметтік желіде өртенген жүк көлігі түсірілген видеоларды бөлісті.

«Автомобиль Қазақстан-Ресей шекарасынан 15 км қашықтықта өртенген. Прицептен қара түтін шығып жатыр. Пластмассаның иісі шығып тұр», - дейді жүргізушілердің бірі.

БҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілер өздеріне көліктің жанып жатқаны туралы хабардың 11 наурыз күні сағат 18:20 шамасында келіп түскенін айтты.

«Орал-Самара трассасында Зеленовский ауданының Махамбет ауылында жүк көлігі өртенді. Оқиға орнына бірден №2 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жіберілді. Daf маркалы жүк көлігінің өртеніп жатқаны белгілі болды. Көліктің ішінде дәке мен кіші бактар болған. Құтқарушылардың арқасында өрт сағат 19:20 шамасында ауыздықталып, сағат 19:50-де толықтай өшірілді. Өрт сөндіру жұмыстарына екі бірлік техника мен жеке құрамның бес қызметкері жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі мен кінәлілер анықталып жатыр», - дейді БҚО ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару баспасөз қызметінің өкілі Жазира Әбдірахманова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер