BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Бішкек тұрғыны не себепті ұлын тепкенін түсіндірді

Орнынан тұра алмай жатқан бүлдіршінді тепкен Бариер Адиев өзінің бұл әрекетін түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Ер адамның айтуынша, желіге тарап кеткен видеоға монтаж жасалған. Құқық қорғау органдарының мәліметіне сүйенсек, 50 жастағы ер адам 2017 жылы 2 желтоқсан күні сағат 15:15 шамасында өзінің ұлы Эльханмен бірге серуендеуге шыққан. Бариер Әдиевтің айтуынша, бүлдіршін үйге барғысы келмей қар үстіне жатып алған. Мұнымен қатар, ол ұлын теппегенін айтады.

Сағат 16:00 шамасында ұлымен бірге қайта үйге кірген. Кейін ер адам өз жұмыстарымен үйден шығып кетеді. Араға біраз уақыт салып оған әйелі хабарласып, желіге тарап кеткен видео туралы айтады. Ерлі-зайыпты осы үшін ұрысып қалған екен. Бариер Әдиев мұның «монтаж» екенін тілге тиек етіп, өзіне тағылған айыпты мойындаудан бас тартқан.

Ал Бариер Әдиевтің әйелі Әсел Ержанова ұлының үйге күртесін былғап келгенін айтады. Мұның себебін күйеуінен сұрағанда, ол ұлының жерге жатып алғанын айтқан. Арадағы болған реніштен кейін Әсел Ержанова баласын алып, ауылдағы туыстарының үйіне кетіп қалады. Құқық қорғау органдарының мәліметіне сүйенсек, Бариер Әдиев 2 желтоқсан күні ішімдік ішпеген. Мұнымен қатар, Эльханның құрсақ қуысы жарақатымен ауруханаға түскені туралы ақпарат бар. Әзірге сот-медициналық тексеру жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, белгісіз ер адамның жерде жатқан бүлдіршінді теуіп жібергені туралы хабарлаған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер