BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Бір тәулікте төрт бала көз жұмған

Өткен бір тәулік ішінде Қазақстанның үш облысында балалар суға кетті, деп хабарлады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар бойынша комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. Олар ата-анасының дұрыс қадағаламауынан екі жас сәби мен екі жасөспірім суға батып кеткен, дейді BAQ.kz.

Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауылында Достық каналында суға түсуге арналмаған жерде 13 жастағы жасөспірім суға кетті. 2015 жылы туған екі бала Қанайзар өзенінде батып кеткен: бірі — Қайназар ауылында, екіншісі — Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында. Жамбыл облысы Аса ауылында Аса өзенінің суға шомылуға арналмаған жерінде он төрт жастағы жасөспірім суға кетті.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет ескертіп өткендей, суға шомылуға арнайы жабдықталмаған жерлерде суға түсуге болмайды, суға шомылғанда қауіпсіздік ережелерін сақтау керек және балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыруға болмайды.

sputniknews.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер