BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Биыл ең көп орман өрті Шығыс Қазақстанда болды

Фото: en.dailypakistan.com.pk

Елімізде былтыр 16,3 мың гектар жер өртенсе, 2018 жылы 145 мың гектар алқап өртенген. Орман өртінің 80 пайызына адамдар кінәлі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Өрттен келген материалдық шығын – 199 млн теңгені құрап отыр.

«Әсіресе Шығыс Қазақстан, содан кейін Жамбыл және Қостанай облыстарындағы орман өрті салдарынан, өртенген аумақ көрсеткіші артып отыр. Өртті азайту мақсатында ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілермен, орманды алқаптарда тұратын халықпен 6 мыңға жуық жиналыс өткізілді, 55 мың адамды қамтитын дөңгелек үстелдер, жаттығулар жүргізілді», - деп мәлімдеді Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин.

Ильиннің айтуынша, мобильді топтар 2 мыңға жуық рейд жүргізіп, 177 адамға 2 млн теңгеден астам айыппұл салған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер