Биыл Ақмола облысында шомылу маусымында 11 адам суға кетті - Оқиға|07 Тамыз 2018, 20:58
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Биыл Ақмола облысында шомылу маусымында 11 адам суға кетті

Фото: uCrazy.ru

Ақмола облысында суға түсу маусымы басталғалы бері 11 адам cуға батқан. Оның екеуі – бала, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Бұл жағдайлар Зеренді, Целиноград, Қорғалжын, Есіл, Ерейментау, Аршалы және Шортанды аудандарында болған.

Сала мамандарының мәліметіне сүйенсек, өңірде күніне 16 мыңға жуық демалушы суға шомылады. Кәсіби құтқарушылар жаз шыққалы 100-ге жуық ересек адам мен 22 баланы аман алып қалған. Аймақтағы 200-ге тарта қоғамдық құтқарушылардың да тигізіп жүрген көмегі көп. Ашық су айдындарында еркін жүзуге арнайы үйретілген 60 ақмолалық мұғалімнің де төтенше жағдайдың алдын-алуға қосқан үлесі зор.

Суға түсу маусымының аяқталуына әлі 20 күндей бар, сондықтан профилактикалық шаралар жүргізіле бермек.

«Ағымдағы жылы өзен-көл жағасында спирттік ішімдік ішкен 115 адам және рұқсат етілмеген аумақтарға суға түскен 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алкогольды ішімдікке сылқия тойып, жағажайда демалушыларға қауіп төндірген көкшетаулық азаматтарға да тәртіптік шара қолданылды», - дейді облыстық ТЖД бөлім басшысы Олег Малюк.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер