BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

БҒМ ОҚО-да 7 жасар оқушының зорлануына қатысты түсініктеме берді

Фото: NewsRoom

Осыған дейін БАҚ-та Оңтүстік Қазақстан облысында жеті жастағы баланы жоғарғы сыныптың оқушылары еркінен тыс зорлап келгені туралы мәлімет жарияланған. Бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Тиісті сараптама жүргізілді. Білім басқармасы оны растайды. Бала зорланбаған», - деді вице-министр журналистерге Үкімет отырысынан кейін.

Осы орайда Бибігүл Асылова БАҚ өкілдеріне толық ақпарат алу үшін Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасына хабарласуға кеңес берді.

«Сіздерге толық ақпаратты өңірдегі білім басқармасы бере алады. Себебі, оларда мәселенің мән-жайын толық баяндайтын деректер бар. Алайда қазіргі таңда өңірдегі білім басқармасы бізге берген анықтамасында (баланың зорланғаны туралы – автор) мәлімет расталмаған. Расын айтқанда, мен сараптама жұмыстарының қалай жүргізілгенін білмеймін. Сіздерге толық ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігі бүгін береді», — деді Бибігүл Асылова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер