BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Бауыржан Мусин 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Фото: ашық дереккөзден

Астана қаласының №2 Алматы аудандық соты пара алды деген айыппен ұсталған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің азаматтық қоғам істері комитеті басшысының орынбасары Бауыржан Мусинге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сотта дәлелденгендей, 15.12.2016 жылы комитет төрағасының орынбасары Б.Мусин және «Ассар KZ» ЖШС директоры арасында тауарды мемлекеттік сатып алу туралы жалпы сомасы 4 900 000 теңгенің келісімі жасалады. Б.Мусин Н.Колпаковтан шын мәнінде жеткізілмеген тауарды қабылдағаны туралы құжатқа қол қойғаны үшін 1 000 000 теңге көлемінде пара алады.

Бұдан басқа, Б.Мусин Е.Кульшариевтан 400 000 теңге көлемінде пара алады. Ол «Кульшариев Е.» ЖК-ның жоспарланған сатып алуларда жеңіске жетуін және 2017 жылы сәуірде өткізілетін семинарларды ұйымдастыру шараларына қатысуын қамтамасыз ететін болып келіседі.

Сонымен, №2 Алматы аудандық сотының үкімімен Б.Мусин 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өз жазасын қылмыстық-түзеу жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сонымен қатар, ол бұдан бұлай жарғылық капиталында мемлекеттік үлесі елу пайыздан асатын мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу және лауазымды қызметті атқару құқығынан өмір бойға айырылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер