BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Астанада батут ұшқан кезде зардап шеккен бір бала ауруханадан шықты

Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар батутпен болған төтенше жағдайда жарақат алған балалардың қазіргі жағдайлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Сол күні келіп түскен бес баланың төртеуі №2 қалалық балалар ауруханасында стационарлық ем қабылдап жатыр. Олардың екеуі – травматология бөлімінде, саны сынған балаға жоспарлы ота жасалса, ал тағы да бір бала консервативтік ем алып жатыр», - деді басқармадағылар.

Зиян шеккен екі бала нейрохирургия бөлімінде жатыр.

«Стационарлық ем алып жатқан балалардың екеуінің жағдайы тұрақты. Денсаулықтары жақсарып келе жатқаны байқалады. Бір бала 11 мамыр күні ауруханадан шығарылған болатын», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер