BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.57 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Балқашта жанармай құю бекеті өртенді

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысының Балқаш қаласында жанармай құю бекетінен өрт шығып, тұрғындардың өміріне қауіп төнген. Өрттің шығуына бензин құю пистолетін дұрыс қолданбау себеп болған, деп xабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Балқаш қаласының қақ ортасында орналасқан жанар-жағармай құю бекетіндегі өрт 80 шаршы метр аумақты қамтыған.

«11 шілде күні 15 сағат 6 минутта кезекші бөлімге «Азия Ойл» автожанармай құю бекетінде өрт шыққандығы жайлы xабарлама келіп түсті. Өртсөндірушілер оқиға орнына келген уақытта жанармай станциясының екі жанармай құйғыш бағанасы, оператор отыратын жердің терезесі өртеніп жатқан. Сондай-ақ, 80 шаршы метр аумаққа АИ-92 маркалы жанармай төгілген. Өртті сөндіруге 5 арнайы теxника мен 20 өртсөндіруші жұмылдырылды. Өрт 15 сағат 50 минутта ауыздықталып, 16 сағат 04 минутта сөндірілді», - дейді Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Оның айтуынша, өрттің шығуына бензин құю пистолетін дұрыс қолданбау себеп болған. Төтенше жағдайдан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Видео: автордан

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер