BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Балқаш тұрғыны бір жарым жасар ұлын пәтерде жалғыз қалдырып кеткен

Фото: stranas.ru

Сәбидің анасы өз шаруалармен үйден шыққанын және үйге қайтып келгенше баласы ұйықтап жатады деп үміттенгенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі @novosti_kz_24 сайтына сілтеме жасап.

Балқаштағы бес қабатты үйдің тұрғындары полиция қызметкерлеріне хабарласып, көрші пәтерде бала қатты жылап жатқанын хабарлаған. Көршілері пәтер ішінде ересектердің біреуі бар және не болып жатқанын түсіндірер деген үмітпен есікті қаққан. Алайда, есік қаққанда ешкім ашпаған.

«Біз үйде ешкім жоқ екенін түсіндік. Сәби жалғыз болған және ұзақ уақыт бойы тоқтамай жылады», - дейді үйдің тұрғыны Наталья Ткаченко.

Полиция қызметкерлері тұрғындардың шақыртуымен келген. Олар есікті бұзып, қауіп төніп тұрған болуы мүмкін баланы құтқаруларына тура келген. Сәби кәмелеттік жасқа толмағандардың уақытша бейімделу орталығына жеткізілді.

Көп ұзамай оның анасы полиция қызметкерлеріне барған. Ол өз шаруаларымен шығып келгенін және үйге келгенше баласы ұйықтап жатады деп үміттенгенін айтты.

Қазіргі уақытта отбасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары тіркеуге қойылатын-қойылмайтыны анықталып жатыр. Сәби анасына қайтарылды және қайтармас бұрын профилактикалық әңгіме жүргізілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер