BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Қостанайда 5-қабаттан құлаған баланы қағып алған кім екені анықталды

4 желтоқсан күні Қостанайдың КСК ауданында оқыс оқиға орын алды. 5-қабаттан алты жасар бала құлап кетті. Оны жаяу жүргінші қағып алғандықтан, ауыр жарақат алмай, тірі қалады. Жаяу жүргінші оқиға орнынан жедел жәрдем келген соң кетіп қалып, ата-анасы балаларын кімнің құтқарғанын білмеген еді. Енді міне аталған аудан тұрғыны құтқарушы жігіт туралы айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kstnews.kz басылымына сілтеме жасап.

Жігіт өзі туралы мәлімет беруден бас тартқандықтан, оның кім екенін туысқан әпкесі айтып берді.

«Мақалада менің атымды көрсетпеулеріңізді жалынып сұраймын. Тек әпкесі деп жазыңыздар. Жиенім бұл туралы менің айтқанымды білмесе екен», - деді әпкесі.

Құтқарушы жігіттің есімі Данил Цой. Ол - «Тобыл» футбол клубының тәрбиеленушісі.

«Сол күні ол КСК ауданында тұратын әпкемнің үйінен шығып бара жатып «Көмектесіңіздер! Мен қазір құлап кетемін!» деген дауысты естиді. Кейін әлгі құлағалы тұрған бүлдіршінді өзінің жерден қағып алатынына сендіреді», - дейді әпкесі.

Бала төртінші қабаттың тұсында балконға соғылғандықтан, Данил оны қолынан құлатып алады. Жерге құлаған соң есінен танып қалған екен. Оқыс оқиғаның куәгері болған өзге тұрғындар жедел жәрдем шақырады. Осы кезде көмекке келушілердің көптігін пайдаланған Данил оқиға орнынан кетіп қалған.

Арада біраз уақыт өткен соң жігіт досынан ауруханаға хабарласып, баланың жағдайы туралы білуді өтінеді. Досы травматология бөліміне хабарласып, Данилге қуанышты жаңалықты жеткізеді. Данилдың әпкесі оның өте қарапайым әрі ұяң екенін айтады. Өзін көп мақтағанды ұнатпайды екен. Қазір Данил 23 жаста.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер