BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Атырауда жылқыны қаққан көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Е.О.есімді азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға осы жылдың тамызында сағат 23:30 шамасында болған. «Daf Хf 95» маркалы автокөлікті тізгіндеген жүргізуші Атырау-Индер тас жолында қауіпсіздік шараларын сақтамай, жылқыларды қаққан. Салдарынан жәбірленуші Т.А.-ға материалдық залал келтірді.

Сот істің мән-жайын толық зерттеп, жүргізушіні ҚР ӘҚБтК 610-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 22 690 теңге айыппұл салды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер