Атырауда жаппай төбелеске қатысқан кімдер екені белгілі болды - Оқиға|07 Желтоқсан 2017, 11:23
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Атырауда жаппай төбелеске қатысқан кімдер екені белгілі болды

Фото: скрин

Атырау полициясы әлеуметтік желіде тараған видеодағы төбелесшілердің кім екенін анықтады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Атырау облысының ІІД сілтеме жасап.

«6 желтоқсан күні сағат 13:25-те Атырау қаласының Вокзал маңы шағын ауданында жасөспірімдер арасында түсініспеушілік туып, соңы жаппай төбелесуге айналды. Қазіргі уақытта олардың кім екені анықталды. Ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Кәмелет жасқа толмаған 6 баланың ата-анасына қатысты әкімшілік материалдар әзірленді», - делінген хабарламада.

Төбелес кезінде зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, кеше Инстаграмдағы @zello_atyrau парақшасында жоғары сынып оқушыларының төбелесі жарияланған болатын. Кадрда бірнеше бала жабылып бір жасөспірімді ұрып жатыр.

A post shared by АТЫРАУ АВТО СООБЩЕСТВО#️⃣1️⃣ (@zello_atyrau) on

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер