USD 335.61 EUR 361.32 RUB 5.26
Астана:

Атырауда бала сатқан медицина қызметкері 5 жылға сотталды

Фото: 24.kz

Атырау облыстық перинаталды орталығының қызметкері жаңа туған сәбиді саудалағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Осы жылдың 19 маусымында орталық қызметкері Назгүл Хамзина бала сатып жатқан жерінен бұлтартпас айғақтармен ұсталған болатын. Перзентхананың медициналық тіркеушісі қолына 2500 АҚШ доллары мөлшерінде алдын-ала кепіл ақша алып, қаржының қалған бөлігін сәбиді сатып алушыға беру кезінде есептеспек болған. Ол Өзбекстан республикасынан жұмыс істеуге келіп, Атырауда босанып қалған азаматшаны өз сәбиін сатуға көндірген. Қылмыс үстінде ұсталып, күні бүгінге дейін уақытша ұстау изоляторында қамауда отырған оған қатысты сот үкімі шықты.

«Сот процесі жабық түрде өтті. Сотталушы ҚР ҚК-нің 135-бабы («Кәмелетке толмағандар саудасы») бойынша кінәлі деп танылып, дүние-мүлкін тәркілеумен қатар, 5 жылға бас бостандығынан айырылу жазасын алды»,- деп мәлім етті Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады