BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Атырау облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Фото: auto.24tv.ua

Атырау облысы, Құрманғазы ауданынан 55 шақырымдық жерде жол-көлік оқиғасы болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.

«Маған орталық аудандық ауруханада хабарлағандай, алдын ала болжам бойынша, екі көліктің соқтығысуы салдарынан 2 адам қаза тапты және әртүрлі жарақат алған тағы екі адам қаладағы ауруханаға жеткізілді. Әзірге басқа ақпарат жоқ», - дейді Құрманғазы ауданының әкімі Бибоз Шаяхметов.

Қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы мамандарының айтуынша, 7 зардап шегуші Құрманғазы аудандық орталық ауруханасына жатқызылса, 2 зардап шегуші облыстық ауруханаға жеткізілді, ал 1 зардап шегуші әйел амбулаториялық ем қабылдап жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер