BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Атырау облысында тергеу изоляторы бастығы пара алды деген күдікке ілінді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова соңғы екі аптада тіркелген қылмыстық істер туралы баяндады.

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Атырау облысы бойынша департаментімен облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің УГ-157.1 мекемесінің тергеу изоляторы бастығының міндетін атқарушы, әділет капитанына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол сотталған адамнан өзге мекемеге тасымалдамау, кедергісіз тамақты кіргізу туысқандарымен жүздесуді ұсыну үшін жалпы сомасы 678 мың теңге көлемінде жүйелі пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу жалғасуда», - деді Жанна Бастарова.

Оның айтуынша БҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қаржылық қамтамасыз ету бөлімшесінің бастығы сыбайлас жемқорлық фактісімен күдікке ілінген.

«Лауазымды тұлғаға қатысты алаяқтық және көтеріңкі зейнетақы төлеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес АҚ облыстық филиалы лауазымдық тұлғаларына 1 млн 70 мың теңге сомасындағы пара беруге ІІМ зейнеткерлерін айдап салушылық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу жалғасуда», - деді ол.

Сондай-ақ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаментімен ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің УК-161.11 мекемесі республикалық мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, әділет майорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол сотталған адамнан телефонмен сөйлесуге қосымша уақыт ұсыну және қамқорлық үшін халық тұтынатын талап түріндегі пара алды деген күдікке ілген. Тергеу жалғасуда.

«Аталған ҚР ІІМ түзету жүйесінің лауазымды тұлғалары кінәні толық мойындауына және процессуалдық келісім жасау немесе жеделдетілген сотқа дейінгі тергеуді қолдау туралы өтініш бергеніне байланысты ұсталған жоқ. Қылмыстық процестік Кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректері тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», - деді Жанна Бастарова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер