BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Атбасарды биыл да су басуы мүмкін – ТЖД

Төтенше жағдайлар қызметі көктемгі су тасқынына байланысты Атбасар ауданында алдын-алу шараларын жүргізіп жатыр. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов баспасөз турында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

"Жалпы, Атбасар ауданы су басу қаупі аса жоғары аудандардың бірі. Мұндағы Жабай өзенінің бассейніндегі топырақтың көктемгі ылғалдылығы әдеттегі нормадан артық. Сондай-ақ, бірнеше жылғы бақылаудың нәтижесінде, наурыз және сәуір айларында тәулігіне бір айлық жауын-шашынның деңгейі түсуі мүмкін" - дейді Алексей Советов.

Қазіргі таңда су тасқынының алдын алу мақсатында тиісті шаралар жүргізіліп жатыр. Сол мақсатта аудандық бюджеттен 57.3 млн теңге көлемінде қаражат бөлінген.

Атбасар ауданындағы елді-мекендерді инженерлік қорғаудың кестесіне сәйкес, Новосельское, Покровка, Полтавка сияқты ауылдарда су тасқынының алдын алуға байланысты түрлі шаралар жүргізілген. Ал өзге ауылдық округтарда жұмыстар ағымдағы жылдың 15 наурызына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер