BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Астананың 3 тұрғыны терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Фото: ҰҚК

28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде терроризмді насихаттау деген күдікпен Астана қаласының үш тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Аталған тұлғалар өз ортасында халықаралық террористік ұйымдарды қолдау мен олардың іс-әрекеттеріне қатысу үшін шетелге баруға шақырған.

Қазіргі таңда сұрау, тінту және басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қылмыстық топпен байланысты өзге де тұлғалардың құқыққа қайшы іс-әрекеттерге қатыстылығы тексерілуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер