BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Астанадағы әйгілі тұрғын үй кешенінде лифт үзіліп кетті

Астана қаласында "Гранд Астана" тұрғын үйінің лифті үзіліп кетті, деп жазды Қымбат Ақжан есімді астаналық Facebook желісіндегі "Астана, хочу похвалить/пожаловаться" тобында.

Лифттің құлауы кезінде жарақат алған адамдар бар, делінеді хабарламада. Әйел адам Астананың әкімі Әсет Исекешевке "лифт компаниясын тексеруді" өтінді.

Астана әкімі: "Қабылданды. Лифт компаниясын тексереміз. Үйдің тұрғындары ретінде неге лифт компаниясын ауыстырып, толық жөндеу жұмыстарын өткізуді талап етпейсіздер?", — деп жауап берді.

Бұндай жағдай Астанада бірінші рет орын алып отырған жоқ. Осы жылдың сәуір айында сауда орталығында лифт ер адамды басып қалып, ол көз жұмған еді. Ал, осы оқиғадан кейін екі апта өткен соң, сегіз адам отырған лифт үйдің жертөлесіне құлаған. Бұл кезде зардап шеккен адамдар болмаған, алайда кейіннен лифт ішінде екі кішкентай бала да болғаны анықталған еді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер