BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Астанада жоғалған 13 жастағы қыз табылды

Астанада полицейлер жедел іздестіру кешенді шараларын жүргізу барысында жоғалып кеткен 13 жастағы Альсина Әбдраеваның қайда екенін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмаған қызды Қарағанды облысынан тапқан. Ол жаққа қыз автобуспен кетіп қалған. Полицейлер қызды алып келіп, ата-анасына тапсырды. Оның жағдайы жақсы.

«Қызға қатысты қандай да бір құқық бұзу әрекеті жасалмаған», - дейді Астана ІІД ресми өкілі София Қылышбекова.

Алдағы уақытта полицейлер бұл отбасын бақылауға алып, профилактикалық шаралар жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, Альсина 9 қыркүйек күні жоғалып кеткен болатын. Ол құрбыларымен серуенге шығып, қайтып оралмаған. Қыздың ата-анасы Алматы аудандық ІІБ-ге арыз түсірген. Кәмелеттік жасқа толмаған қызға бірден іздеу жарияланды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер