Астанада жоғалған 13 жастағы қыз әлi табылған жоқ – IIД - Оқиға|09 Маусым 2018, 14:31
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Астанада жоғалған 13 жастағы қыз әлi табылған жоқ – IIД Эксклюзив

Жетiншi маусым күнi жоғалған 13 жастағы астаналық Аружан әлi табылған жоқ. Бұл туралы Астана қаласы Iшкi iстер департаментiнiң баспасөз хатшысы София Қылышбекова айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Аружан табылған жоқ. Қазiргi таңда iздестiру шаралары жүргiзiлiп жатыр. 8 маусым күнi полицияға қыздың әкесi хабарласқан болатын. Сол кезде iздестiру жұмыстарын бiрден бастап кеткенбiз. Қазiргi таңда кәмелетке толмаған қыздың қайда жүргенiн анықтауға iшкi iстер департаментiнiң бүкiл жеке құрамы жұмылдырылды», - дедi София Қылышбекова.

Атап өтсек, әлеуметтiк желiде 13 жастағы астаналық Аружан Мұхамеджанның 7 маусым күнi жоғалғаны туралы ақпарат тарады. Бойы - 158 см. Оны адамдар соңғы рет қаланың сол жағалауында көргенi жайлы да хабарланған едi.

В Астане пропала девочка Аружан 13 лет, рост 158 В последний раз видели 7 июня в обед возле ЖК "АРТ-ХАУС" левый берег ( ул. Алматы) ☎️При любой информации обращаться по номеру - 8-705-425-58-59 ⠀ Помогите плиз

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер