BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Астанада зейнеткер таксиде 6,5 млн теңгесін ұмытып кеткен

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ. 70 жастағы зейнеткерге таксиде ұмытып кеткен 6,5 млн теңгесі қайтарылды.

Елордалық полицияның «Байқоңыр» аудандық ІІБ хабарлағандай, 70 жастағы зейнеткер әйел банктегі есеп шотынан қомақты қаражат шешіп алып, сосын таксиге отырады. Діттеген жеріне жеткен соң сол көліктің артқы орындығында бар ақшасын ұмытып тастап кетеді.

Зейнеткердің айтуынша, ол қаладағы банктердің бірінде ақ түсті таксиге отырады. Діттеген жеріне жеткен соң бірнеше минуттан кейін ол көліктің артқы орындығында сөмкесін тастап кеткенін есіне түсіреді. аталған оқиға бойынша зейнеткер жергілікті полиция қызметіне шағым түсіреді.

Зейнеткердің берген сипаттамасы және бейнебақылау камералары арқылы тәртіп сақшылары жедел іздестіру шаралары арқылы көлік пен оның иесін табады. «Хонда» көлігінің жүргізушісі бөлімшеге жеткізіледі.

«Көліктің артқы орындығынан зейнеткердің ұмытып кеткен қаржысы табылып, иесіне қайтарылды. Жоғалтып алған қаржысының қайта табылғаны зейнеткерді қатты қуантты», - делінген ведомствоның хабарламасында.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер