BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Астанада көпқабатты үйден əйел құлап кетті

Фото: m.2gis.kz

Асфальтта мас күйде жатыр деп ойлаған қала тұрғындары мәйіттің қасына ұзақ уақыт бойы бармаған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қошқарбаев көшесіндегі «Сенатор» тұрғын үй кешенінің ауласынан жас әйелдің денесі табылды. Куәгерлер ол балконнан құлап кетті деп ойлайды.

Тұрғын үй кешенінің тұрғындарының айтулары бойынша, жиырма алты жастағы Астана тұрғыны балаларға әлдене айтам деп дауыстап тұрған кезде 12-қабаттың балконынан құлап кеткен.

«Асфальтта мас күйде жатыр деп ойлаған адамдар мәйіттің қасына ұзақ уақыт бойы бармаған», - делінген ақпаратта.

Оның көршілері әйелдің үш баласы бар екенін, ол оқиға орнында көз жұмғанын айтты.

Қазіргі уақытта ол жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер