BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Шашын ұзартып, жоқ болып кетті: Астанада алаяқ әйел іздестірілуде

Астана қаласының полиция департаменті алаяқтық жасаған күдіктінің жеке тұлғасын анықтау үшін көмек көрсетуді сұрайды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 қыркүейк күні «Алматы» ауданының полиция басқармасына сұлулық салонының шебері «Ботагөз есімді бейтаныс бойжеткен қымбат қызмет түрін алып, оның ақысын төлемей, «қашып» кеткені туралы шағымданған.

«Белгілі болғандай, 9 қыркүейк күні күдікті Рысқұлбеков көшесіндегі сұлулық салондарының бірінде құны 70 мың теңге тұратын шаш өсіру қызметін алғаннан кейін белгісіз бағытта кетіп қалған. Қазіргі уақытта полиция күдіктінің жеке тұлғасын анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Астана полициясы алаяқтардың құрбаны болмас үшін қызмет көрсету саласының мамандарын аса мұқият болуға шақырады», - деп хабарлады ІІД-де.

Сондай-ақ, полицейлер азаматтардан күдіктіні табуға көмектесуге шақырады. Егер, сізде бұл адам туралы қандай да бір мәлімет білсеңіз, Жансүгірұлы көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан «Алматы» ауданының ІІБ-ге келуді немесе 8 (7172) 71-67-90, 71-61-48 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер