BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Астанада техникалық қызмет көрсету станциясы өртеніп жатыр

Астана қаласы Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында техникалық қызмет көрсету станциясы өртеніп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Оқыс оқиғаның суреттері мен видеосы Facebook желісіндегі «Что? Где? Когда?» тобында жарияланды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, ғимараттың бірінші қабатында орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясы өртеніп жатыр. Қазір газ бен түтіннен қорғау және өрт сөндіру бөлімдері жұмылдырылды. Құтқарушылар өртеніп жатқан ғимаратқа кірді. Олар өртті өшіріп, оның шығу себебін анықтап жатыр. Оқиға орнында 16 бірлік техника мен 30 өрт сөндіруші жұмыс істеп жатыр», - дейді ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің өкілі.

ТЖК оқыс оқиға салдарынан зиян шеккендердің жоқ екенін айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер