BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Астанада пәтер ұрылары ұсталды

Фото: ашық дереккөзден

Елордалық полицейлер жедел әрекет ету арқасында бір топ пәтер ұрыларын қамауға алды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі Newtimes.kz порталына сілтеме жасап.

Полицияға жергілікті тұрғын хабарласып, білгісіз біреулер оның үйіне терезе арқылы кіріп, зергерлік бұйымдар, планшеттер мен ноутбуктар секілді жеке мүліктерді қолды еткеніне арызданған.

«Ізіне түсу» бойынша жедел қабылданған шаралар арқылы полицейлер үш күдіктіні ұстап, Астана ІІД уақытша ұстау изоляторына қамаған.

Ұсталған азаматтар Түркістан және Ақтөбе облыстарының тұрғындары екені анықталған. Олар Астанаға өткен айдың соңында келген. Үш азамат та ұрлық жасағаны үшін бұған дейін жауапқа тартылған.

Полицейлер тергеу әрекеттері барысында ұрылар қолды еткен заттардың біразын ломдардқа өткізгендерін анықтаған. Қазіргі уақытта заттай айғақтарды тәркілеу бойынша шаралар жүргізіліп жатыр.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК «Ұрлық» бабы аясында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сондай-ақ, ұсталған азаматтардың бұған дейін орын алған осы тектес қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сонымен қатар, Астана полицейлері ломбардты тонады деген күдікпен бір топ азаматты қамауға алған. Бұл жағдайда қала тұрғыны полицияға хабарласып, белгісіз біреулер терезедегі торды шешу арқылы ломбардтың ішіне заңсыз кіріп, 2 млн теңге мен құны 1,5 млн теңге болатын ұялы телефондарды ұрлағанын мәлімдеген.

Кешенді жедел-іздестіру шарларын жүргізу барысында полицейлер бұл қылмысты жасаған күдіктілер - Қостанай облысының екі азаматының және Астана тұрғынының орналасқан орнын анықтап, қамауға алған. Жауап алу барысында барлық күдіктілер қылмыс жасағандарын мойындаған.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі. Ұсталғандар қамауға алынды. Олардың қала маңында орын алған осы тектес басқа қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер