BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Астанада өрт кезінде зардап шеккен бойжеткенге ота жасалуда

Фото: jogja.sorot.co

Өрт кезінде зардап шеккен 1994 жылы туған бойжеткен №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазір оған ота жасалып жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, өрт орнынан әйел адам мен баланың мәйіті табылды. Қазір қаза тапқандардың кім екені анықталып жатыр.

Өрт кезінде 24 жасар бойжеткеннің оң жақ аяғының төменгі жағы сынып, ауруханаға жеткізілді. Қазір зардап шеккен қызға ота жасалып жатыр.

«Қазір оны шұғыл түрде ота жасауға алып кетті. Науқасқа тиісті медициналық көмек көрсетіліп болған соң ғана дәрігерлер оның жағдайына қатысты мәлімет береді», - деді маманы.

Еске салсақ, бүгін Астананың оүтүстік шығыс ауданында орналасқан үш қабатты коттедждің бірінен өрт шыққан болатын. Ғимараттың бірінші қабатында көліктерге техникалық қызмет көрсететін станса, екінші қабатында қойма, ал үшінші қабатында тұрғынжай болған. Өртті сөндіруге Астана қалалық ТЖД-нің 30-дан астам маманы жұмылдырылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер