BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Астанада оқушыларға «тиіскен» қария туралы мектеп басшылығы: Оның ешкімге зияны жоқ

Фото: желіден

Whats Арp желісі арқылы Астанадағы №37 мектептің ата-аналары видео таратты. Онда қарт кісінің оқушы қызға сөйлеп тұрғанын көруге болады, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Видеомен қоса оған түсініктеме беретін мәліметтер де бар.

«Қыздар, мынаны балаларға көрсетіңіздер. 37 мектептің қасындағы әріптесімде болған. Балалар бір айдан бері осы атаның келіп тиісетіні және алып кеткісі келетіні туралы шағымданып жүр. Құқыққорғау органдары еш шара қабылдамайды. Бүгін мына видеоны түсірдік. Арай дүкенінің жанында. Мына ата қазір баланы алып кетуге тырысты», - делінген хабарламада.

Baq.kz редакциясы №37 мектепке хабарласып, оқиғаның мән-жайын анықтады. Видеодағы ата ешбір балаға зардабын тигізбеген. Бұл туралы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан Дәрібайқызы айтты.

«Ол кісі 30 жыл мұғалім болып істеген. Ұмытшақ ауруы бар. Есін жоғалтып алады. Күніне 12 км жаяу жүреді. Баласы, қызы - мұғалім. Өзінің күтушісі бар. Ешкімге тиіспейді, керісінше балаларды жақсы көреді», - деді Гүлжан Дәрібайқызы.

Оның айтуынша, 18 мамыр күні мектепте ата-аналар жиналысы болады. Сол кезде ұлы келіп, ата-аналарға барлығын түсіндіреді.

«Бүгін 12.50-де бір сыныптың жетекшісі келіп шағымданды. Мен бірден ұлы мен қызына қоңырау шалдым. Қызы бірден күтушісін жіберіп, атаны үйіне алып кетті. Бұған дейін де бір рет осындай түсініспеушілік болған. Сондықтан 18 мамырда мектеп ата-аналарымен жиналыс өтеді. Сол кезде қарияның ұлы келіп, қолайсыз жағдай үшін ата-аналардан кешірім сұрап, мән-жайды түсіндіріп береді. Ішкі істер департаменті де барлық жағдайдан хабардар», - деді мектеп директорының орынбасары.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер