Астанада көз жұмған 4 жас ана сəбилерінің жағдайы белгілі болды - Оқиға|08 Тамыз 2018, 13:35
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

Астанада көз жұмған 4 жас ана сəбилерінің жағдайы белгілі болды

Фото: Нұржас Жақсыбай

Бүгін Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Əлия Рустемова жазда елордада қатарынан қайтыс болған 4 жас ана сəбилерінің халі жайлы айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бірінші көз жұмған жас ананың сəбиі неврологиялық патологиямен əлі №1 перинаталдық орталықта жатыр. Халі – орташа ауыр. Жағдайы біртіндеп жақсаруда. Екінші сəби қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылған. Үшінші сəби де №1 перинаталдық орталықта жатыр. Оның халі орташа, тұрақты. Сəбиді біраз бақылағаннан кейін шығарамыз. Төртінші қайтыс болған ананың нəрестесінің халі қанағаттанарлық. Ол ауруханадан шығарылды», - деді Əлия Рүстемова №1 перинаталдық орталықта өткен баспасөз мәслихатында.

Маманның айтуынша, жас ана өлімдерін тексеріп жатқан республикалық комиссия жұмысы əлі аяқталған жоқ. Комиссия құрамына 10-ға жуық адам кіреді. Олар екі объектіні тексеріп жатқандықтан комиссия жұмысының нәтижесі 20 тамызға қарай жарияланады.

Еске сала кетсек, жазда Астана қаласының медициналық мекемелерінде қатарынан төрт жас ана қайтыс болды. Олардың үшеуі елордалық №1 перинаталдық орталықта көз жұмса, тағы бір әйел №2 перинаталдық орталықта жан тапсырған. Осыған байланысты №1 перинаталдық орталық перзентханасының жұмысы тергеп-тексеру жүргізу үшін 10 күнге тоқтатылған болатын. Сондай-ақ, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқан арнайы комиссия шілде айының соңында жұмыс қорытындысын шығарады делінген болатын. Қайтыс болған аналардың сəбилері аман қалған еді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер