BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Астанада көшеде тұрған көлік жанып кетті

Фото: Көрнекі сурет

18 қаңтар күні таңертеңгі уақытта Астана көшелерінің бірінде тұрған көлік жанып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «109» қызметіне сілтеме жасап.

«18 қаңтар күні 8 сағат 38 минутта Мәңгілік ел мен Тұрар Рысқұлов көшелерінің қиылысында Daewoo Nexia маркалы көліктің жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің екі бригадасы келіп жетті. Өрт сөндіру қызметінің жедел жұмысының нәтижесінде өрт 08 сағат 53 минутта сөндірілді», - делінген хабарламада.

Тілсіз жаудан ешкім зардап шекпеген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер