BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Астанада қытай сөмкесінің ішінен әйелдің денесі табылды

Фото: Whitefind

Бұл жағдай «Шанхай» базары маңындағы жерде болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде жантүршігерлік көрінісі бар видео тарады. Видеода қытай сөмкесінің ішінде көрпе, киім-кешектердің арасында жатқан әйелдің денесі көрсетіледі.

Астана қаласы ІІД-нің хабарлауынша, белгісіз әйелдің денесі 13 қыркүйек күні сағат 20:00-де табылған. Бұл жағдай Алаш тасжолы бойында орналасқан «Шанхай» базары маңында болды.

Осы фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Полиция қызметкерлері керекші шаралардың бәрін жасап жатыр. Әйелдің кім екені анықталды», - дейді полиция қызметкерлері. Сондай-ақ, әйелдің жасы 26-да екені анықталған.

ІІД сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша әйелдің денесінде зорлық белгілері болмағаны анықталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер