Астанада есірткі сатушы қамауға алынды - Оқиға|07 Тамыз 2018, 14:46
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

Астанада есірткі сатушы қамауға алынды

Фото: ашық дереккөзден

6 тамызда «Көкнәр» жедел-алдын алу шарасын өткізу аясында астаналық есірткі бизнесіне қарсы бөлімшенің полиция қызметкерлері есірткі сатқаны үшін «К» деген азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Астана қаласы ІІД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктінің тұратын мекен-жайын тексерген кезде 9,5 кг «марихуана» есірткісі тәркіленді.

Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 297 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу тексеріп-тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті уақытша камау изоляторына қамауға алынды.

Айта кетейік, жылдың басынан бері астана полициясымен 190 кг артық есірткі заттары тәркіленді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер