BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Астанада донер сататын орын өртенді

Бүгін түсте Астана қаласында контейнер өртенді. Ол донер сататын орын ретінде өзгертілген болатын, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Бүгін сағат 12:46-да Астана қаласы Алматы ауданы Күйші Дина көшесінде контейнер өртенді. Ол донер сататын орын етіп өзгертілген болатын. Контейнердің төбесі мен сыртқы жағы өртке оранған. Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау сағат 13:02-де ауыздықталды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оның айтуынша, өрт болған жерде 12 қызметкер мен 3 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер