BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Астанада бала балабақша терезесіне шыққанын айтты

Фото: trufaldinoclub.ru

Астаналық балабақшада келеңсіз жағдай болды. Балабақшадағы бала анасына тәрбиеші өзін терезеге шығарғанын айтқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.

Алты жасар бала балабақшаға барғысы келмеген. Оның айтуынша, тәрбиеші оны терезеге шығарған. Баласының сөзіне алаңдаған анасы қалалық білім бөліміне шағымданған.

«Бұл Наурыз мейрамы алдында болды. Балам маған тәрбиеші оны терезеге шығарып қойғанын айтты. Ол ашық тұрған терезені қолымен ұстамақ болған, сол кезде тәрбиеші ашық тұрған терезені ұстауға болмайтынын түсіндірген», - дейді баланың анасы.

Бала даладағы серуеннен кейін бөлмеге бірінші болып кірген. Ол ойнап жүріп, ашық тұрған терезеге қолын салған. Оны көрген тәрбиеші балаға бұлай ету қауіпті екенін түсіндірген.

Ата-ана мен тәрбиешінің өзара әңгімесінен кейін түсініспеушілік жойылды. Бірақ, баланың анасы ешқандай шағымы жоқ екенін айтса да, мектепке дейінгі мекеме басқармасы болған жайдың мән-жайын анықтау үшін комиссия құрды.

«Егер балаға зиян келгені туралы фактілер анықталса, бұл қылмыстық жауапкершілікке тартылатын іс болады. Ал егер бұл балабақша мен ата-ананың арасындағы келіспеушілікке қатысты басқа жағдай болса, оны да анықтауымыз керек. Бала бұл үшін кінәлі емес», - деді білім басқармасының бөлім басшысы Ләззат Разбекова.

Анықтау шараларының нәтижесі бір аптадан кейін белгілі болады. Жыл басынан бері білім басқармасына балабақшаға қатысты 15 арыз-шағым келіп түскен. Сол арыздардың біреуі ғана негізді болып, мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі мен медбикесі жұмыстан шығарылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер