BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Астанада 8 айда 400-ден астам өрт оқиғасы тіркелген

Фото: news.rambler.ru

Елордада ағымдағы жылдың 8 айында 401 өрт тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда, 15 пайызға төмен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ТЖД басшысының орынбасары Мейрамбек Қайсанов баспасөз жиынында айтты.

Өрттің басым бөлігі жеке тұрғын үй секторында болады.

«Оған себеп – пеш және электр құралдарын дұрыс пайдаланбау», - дейді мамандар.

Енді оқыс оқиғалардың алдын алу үшін 15 қыркүйектен бастап өрт қауіпсіздігі айлығы өтеді.

«Жыл басынан бері 18 370 тұрғын сектордағы үйлерді аралау жұмыстары жүргізілді. Тұрғындармен 198 жиналыстар өткізілді, бұл жиналысқа 5419 адамды қамтылды, сонымен қатар 7570 адамды қамти отырып, 256 нұсқаулықтар жүргізілді. 12 414 адамның қатысуымен 422 дәрістер өткізілді», - Астана қаласы ТЖД басшысының орынбасары Мейрамбек Қайсанов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер