BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Астанада 3 күн бұрын жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды

Астанада бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен Грузия азаматының денесі табылды, деп хабарлайды Baq.kz sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.

Жас жігіт жұмыстан шығып, сол күйі үйіне қайтып оралмаған. Грузия азаматының денесі үш күн өткен соң табылды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде марқұмның жұбайының сіңлісі Анна Пашковская хабарлады.

25 жастағы Арчил Давитадзе 18 мамырда жоғалып кеткен. Түстен кейін жұмыстан шыққан ол сол күйі үйіне келмеген. Туысқандары оның неден көз жұмғанын айтқан жоқ.

Жас жігіттің әйелі Астанадағы белгілі психолог Марина Пашковская екен. Ер адамның артында кішкентай қызы қалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер